АСЕМБАЕВА МАНСИЯ КАБЫЛОВНАҒА АСЕМБАЕВА М.К. 1980 жылы туылған, қазақ, 2003 жылы ҚазҰУ-нің физика факультетін “Физика” мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады. 2005-2007 ж.ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 01.04.14-Жылуфизика және теориялық жылутехникасы мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2010 жылы желтоқсанда осы аталған мамандық бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертациялық жұмыс қорғалды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2003 жылдың 1 қыркүйегінен жылуфизика кафедрасының маманы, ал 2006, 2007 жылдан бастап жылуфизика кафедрасының ассистенті, оқытушыcы, ал 2011 жылдан бері аға оқытушы және доценттің міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. Жалпы еңбек өтілі 16 жыл. Асембаева М.К. 2004, 2005 және 2008 жылдары университеттің қабылдау комиссиясында жұмыс істеді. Асембаева М.Қ. көпқұрамды газ қоспаларындағы массатасымалдану мәселесімен айналысады. Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 75 мақала жарыққа шықты. Ғылыми зерттеулерінің нәтижелері әртүрлі ғылыми конференцияларда баяндалды және түрлі деңгейдегі журналдарда жарық көрді. Жалпы еңбектер саны 101. 2012-2013 оқу жылында 1 курс студенттеріне “Механика бойынша физикалық практикум”, “Механика және молекулалық физика” және 2, 3 курс студенттеріне “Квалиметрия”, “Сертификаттау”, “Заттың жылуфизикалық қасиеттері”, “Нақты газдар мен сұйықтар физикасы”, “Стандарттарды жасаудың технологиясы және нормативтік құжаттар” пәндері бойынша дәріс беру, практика, зертхана сабақтарын жүргізді. Асембаева М.К. қызметінде өте ұқыпты, еңбеккер, өз қызметіне аса жауапкершілікпен қарайды, жоғары білімді және өте білікті маман.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2001 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
30.06.2011 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
19.12.2019 |
12
құжаттар
3